Жанашыр бауыр, ардақты ана сүйікті әже, руы Тобықты – Тастемір, Тукенова Гүлжан Белгібекқызының бұл фәниден бақи дүниеге атанғанына 5 жыл толды.
5 жыл бопты-ау сен кеткелі өмірден,
Тірі кезің еш кетпейді-ау көңілден.
Анашым, өзің кеттің, біздің пана саямыз,
Аман болсын қалған бала-шағаңыз.
Пейіш болсын тұрағыңыз, жарық болсын мекенің,
Құран оқып, бата қылып «Әумин» деп қол жаямыз.
Бұл өмірден ерте кеттің, мініп «өлім» кемесін,
Сене алмаймыз, білсек дағы енді қайтып келмесіңді.
Артта қалған балалар мен немерелер, бауырды,
Бір Алладан сұрарымыз, рухың бәрін жебесін!
Жан анам, асқар таудай тірек едің,
Біздер үшін соғушы еді жүрек демің.
«Жоқ дегізбей әкесі» мәпеледің,
Маңдайымызға тигізбей ызғар лебін.
Асыл Ана, сағындық нұр жүзіңді,
Көзімізден сізді ойлап жас үзілді.
Немерелер әжелеп армандауда,
Олар да таппай қалды сіздің ізді.
Егіле еске алып «жаны жәннатта, тәні рахатта, орыны пейіштің төрінде болсын!» — деп Алладан рақым тілейміз.
Еске алушылар: бауырлары, балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login