Еске алу Жасымбекқызы Шәмшәрия (Шәмкен)

Руы Тобықты – Ақсары – Кенбай

Жасымбекқызы Шәмшәрия (Шәмкен)

Мұртай келіні

23.09.1922 – 04.06.2007

Анамыз 1922 жылы қыркүйек айында Қусақ даласында дүниеге келген. Сол жерде 7 сынып білім алып, әрі қарай оқи алмаған. Мұғалім болуды армандаған, 16 жасында Ермекбай әулетіне келін болып түскен. Дүниеге 3 ұл, 7 қыз әкелді. 2 аға, 3 әпкеміз нәресте күйінде шетінеген. Әкеміз Балғабекпен тату-тәтті өмір сүрді. Әкеміз өмірден ерте қайтты, анамыз 42 жасында жесір қалды. Алдымыз 12-де, артымыз 3-те. Қалған 5 баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірді, мәпеледі, оқытты. Ыстығымызға күйді, суығымызға тоңды. Өмірдің ащы-тұщысын көрді. Балаларын бір-бір үй қылып, немерелерін, шөбересін көріп, Алланың берге жасын жасап өмірден өтті.

 

Асыл Ана, сағындық нұрлы бейнеңді,

Сені ойласақ сағыныш оты кернейді.

Сол сағыныш бар жанымызды күйдіріп,

Жоқтығыңа әлі сенгіміз келмейді.

 

Анашым, біздерді жылы мейіріммен мәпеледің,

Қиындықты көрсетпей жастай қалып.

Еңбегіңді аямастан тәрбиелеп,

Аялап ер жеткіздің, адам еттің.

 

Мейіріммен жымиған күлкіңізді,

Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.

Жатқан жерің жан Ана жайлы болып,

Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.

 

Жатқан жерің жайлы боп,

Жұмақта болсын тұрағың!

Аруағыңа дұға жасап,

Қол жаямыз біз бүгін.

Жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, жан Ана!

Еске алушылар: балалары, немерелері, шөберелері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture