Балқашта балық аулауға рұқсат етілді

Бүгіннен бастап Балқашта балық аулауға рұқсат. Ал тыйым салу уақытында яғни, 46 күннің ішінде заңға бағынбағандар кездесті.Сәуір айының 15-нен бастап маусым айының 1 күніне дейін қармақ және қытайлық тормен балық аулаған 13 заң бұзушы анықталды. Олардың көбісі «Ақ Тас» аймағында балық аулаған. Тіпті, араларында ережені қайталап бұзғандар бар. Бірінші рет жауапқа тартылғандарға 22 700 теңгеден айыппұл салынса, екінші рет ұсталғандар бұл сомадан екі есе ақшаларынан қағылды.

Виктор Васильев — Линиялық полиция бөлімшесінің бастығы
«Бүгіннен бастап балық аулауға рұқсат. Балқаш көлінің барлық аймағында тұрғындар балық аулай алады. Және бұл мерзім келер  жылдың сәуір айының 15-не дейін жалғасады».

Ал, тыйым аяқталысымен балықшылар көл жағасына жиналды. Осы сәтте қоса кетейік, Шұбартөбек пен Тораңғалықта балықты ұстау үшін рұқсат алу керек. Себебі ол жерлер жеке-меншік мекемелердің қарауында. Ол үшін жолдаманы табиғат пайладанушы мекемелер береді.

Ислам Сағынбаев- қала тұрғыны
«Біз бүгінгі күнді күттік. Рұқсатты бүгін  алып тастады.Қазір кішкентай балықтарды ауладық. Ол балықтарды біз жібере салдық.Енді үлкенін күтіп отырмыз».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture