Руы – Тобықты-Жуантаяқ, Тельменбетов Хабыл Шәйкенұлы әкеміздің өмірден өткеніне 3 маусым күні 40 күн болады.
Қырық күндік асы 3 маусым күні сағат 12.00-ден бастап «БАҚЫТ» дәмханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жегжаттарға, жолдастарға, көршілерге, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Ақылшы, арқа сүйер тауымыз-ең,
Барады жылжып ағып өмір-өзен.
40 күн болды бұл фәниден өткеніңе,
Нұр жүзің әлі күнге шықпайды естен.
Ауырсаң да, соңы жақсы болады деп ойлаппыз,
Бейғамдық па, жақсы ойдан басқаға ден қоймаппыз.
Дәл осы күн! Сен болғанда арамызда әкетай,
Туған күнің 74 жасты, отырар-ек тойлап біз.
Жайдары, дархан көңіл мінезімен,
Жаны пәк, қамқор, адал тілегімен.
Жар болды, әке болды мейірімді,
Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегімен.
Ғұмыр кештің дақ түсірмей арыңа,
Жалғыз Алла, иман төксін жаныңа.
Өтсін мейлі, талай көктем, талай күз,
Біз өзіңді еске аламыз сағына.
Күлкі үйіріліп жүзіңде жүруші едің,
Рахаттанып жарқыным күлуші едің.
Амал не кетті өзіңді ажал алып,
Сағынып қалдық күлкіңді қарапайым.
Сағынып еске аламыз өзіңізді,
Ақылмен айтқан жылы сөзіңізді.
Сізге арнап бүгін дұға бағыштаймыз,
Мәңгілік сақтап есте жүзіңізді.
Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,
Жан Әке, топырағың торқа болсын.
Иманыңыз мәңгілікке жолдас болсын,
Аруағыңыз ұрпағыңды қолдап жүрсін.
Хабарлаушылар: балалары: Ақылсерік-Гаухар, Саша-Назира, Дәулет-Индира, бауырлары: Сәбит-Аққайша.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login