Аяулы немереміз, сіңіліміз Джакеева Эльгиза Нұрланқызын туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз!Ақылына көркі сай қызымызға өмірдің қызығы мен қиындығы қатар жүретін жолдарынан қиналмай өтіп, денің сау, жасың ұзақ, еңбегің жемісті болып, басыңнан бақыт, жаныңнан жақсылық кетпесін деп тілейміз!
Мықты бол, дәулетті бол, сәулетті бол,
Тамырын терең жайған әулетті бол.
Не ексең соны орасың, ұмытпа, қызым,
Ақылыңмен алып жығар қауметті бол!
Жарық болып әр күнің өсе берші,
Жаратқаным, мейіріміңді төге берші.
Ата-анаңды қылығыңмен қызықтырып,
Көңілдеріне сәуле шашар нұры бол.
Гүлдей жайнап, қызғалдақтай құлпырып,
Ата-анаңның мақтанышы, гүлі бол!
Т/б: әжесі: Панар Жұмабекқызы, апа – жездесі: Маралхан – Дарияш, Ғалияш.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login