Сасық иіске шыдай алмаған Қоңырат мөлтек ауданының тұрғындары дабыл қақты. Өйткені, Балқаш көшесіндегі, 19 үйдің 7 пәтерінен шыққан нәжістің жағымсыз иісі күллі нысанға жайылуда. Соның салдарынан тұрғындар тамақ ішіп, дұрыс ұйықтай алмай жүр.
Үш баланың анасы Венера Мылтықбекова Қоңырат мөлтек ауданына 5 жыл бұрын көшіп келген. Алайда, соңғы үш айда пәтерде жүріп- тұру мүмкін емес.Мүңкіген жағымсыз иіспен дұрыс тамақ ішіп, ұйықтай алмайсың. Онымен қоса, ластанған ауадан қабырғаның бәрі дымқылданып, түсіп жатыр дейді.
Венера Мылтықбекова- Балқаш көшесі, №19 үйдің тұрғыны
«Күндізде сасиды.Терезелерімізді ашып қоямыз.Полымызды жуамыз. Хлорлаймыз.Кешкілікте ұйықтарда тоже сасиды.Тамақ ішкенде вообще сасиды. Тамақта іше алмайміз. Тамақ ішіп отырсақ жанағындай сасықтың, каналмизацияның, дәретке отырғанның иістері шығады , тамақ іше алмаймыз».
Белгілі болғандай, жағымсыз иістің бәрі бірінші қабаттағы 7 пәтерден шығып жатыр. Наурыз айында пәтер иесі қайтыс болып, баспана қараусыз қалған. Онда жарық , су түгілі, құбыр да жоқ. Сол себептен, канализациялық құбыр болмағандықтан жоғарыдағылардың нәжісі бірінші қабатқа ағып, пәтерді ластауда.
Мая Узалина- Балқаш көшесі, №19 үйдің тұрғыны
«Ол кісі көктемде қайтыс болғаннан кейін, вообще сасып кетті.Үйдің ішіне отыра алмаймыз.Демала алмаймыз.Кешке дейін, түтіні бойы ашып қоямыз.Қалада ұлым тұрады. Соған кетіп қаламын».Ләззат Шакижанова- Балқаш көшесі, №19 үйдің тұрғыны
« Ол кісі тірі болғанда зәріні далаға ведромен төгіп жүретін.үйінде унитазда, светте жоқ. Түгел полдың бәрі көтеріліп кеткен. Біз кск бәріне обращение жасадық.Күнде жуамыз. Далаға шығып кетеміз.Алды күні жел болды. Үйдің іші одан сайын сасып кетті».
Жергілікті жұрттың жан айқайын естіген биліктегілер қараусыз қалған пәтерді жөнге келітіріп, құбырларды «Қоңырат КСК» ауыстырады деп уәде етті. Алайда, ол үшін ең бірінші жоғары қабаттағылар өздеріне қажетті құбырларды сатып алуы қажет.
Сағатбек Балапанов- Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы
« Пәтер иесіз болуына байланысты Қоңырат мөлтек ауданында орналасқан КСК-ға тапсырма берілді.Тақау арада жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жөндеу жұмысы жоғарғы қабатта орналасқан пәтер иесімен бірге жүргізілу керек. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп болғаннан кейін бұл пәтерді қалалық кезекте тұрған тұрғындарға беру жөнінде жұмыстар жасалады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login