Көлік жүргізушілеріне тосыннан келген сынақ. Бүгін жедел жәрдем қызметіне жол бермеген екі жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды. Адам өмірін құтқаруға асыққан жандардың дабылына мән бермегендерге 20 мың астам айыппұл салынды.
Ал рейд жұмыстары қалалық ауруханадан басталды. Жедел жәрдем қызметі мен полицейлер рөлде отырғандардың білімін тексеру үшін дабыл дыбысымен қала көшелерін жүріп өтті. Бірақта, сынақтан сүрінгендер кездесті. Бірінші болып арнайы көлікке жол бермеген Лада жауапқа тартылды. Және Ағыбай батыр көшесінде тағы бір жүргізуші дәрігерлермен қоса жарыса түсті. Оларға 10 айлық есептік көрсеткішпен,жалпы 40 мыңнан астам айыппұл салынды.
Қармыс Ракишев – Жәдел жәрдем қызметінің жүргізушісі
«Асыққан жағдайларда көбісі жастар правиланы жөнді білмейді,қалай болса солай машинаны көрінген жерге қойып кетеді.1630 Құлақтарына наушник киіп алып, естімегендей болады. Жанына келіп тұрсаңда, құлағынан наушникті алады да өзіне замечание болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login