Балқаш станциясының маңынан артиллериялық снаряд табылды. Оны сол аумақта итімен қыдырып жүрген тұрғындардың бірі көрген. Жас жігіт бірден мамандарға хабар берген. Приозерсткен келетін саперлар бұл уақытта Балқашта болыпты. Сондықтанда, дереу оқиға орнына жетіп қауіпті аймаққа зерттеу жүргізген. Анықталғандай, табылған зат 152 миллиметрлі артиллериялық снаряд болып шықты. Ішінде жарылғыш зат болмағандықтан, адам өміріне ешқандай қауіп төндірмеген.
Олег Грабовский – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Табылған снарядтар адам өміріне қауіпсіз болып шықты. Сонда да ереже бойынша, Тоқырауын полигонына апарын көзін жойдық «.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login