Құттықтау Есенкулова Қарлығаш Шоянқызы

Құрметті әріптесіміз  Есенкулова Қарлығаш Шоянқызын 65 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз! Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілейміз! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспіз!

Туған күнің тойлануда той болып,
Көрген бейнет — зейнет болып, ой толып.
Барлық жанның тілектері қабыл боп,
Әумин десін періштелер мол толып.
Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,

Аман жүрші әрқашан ортамызда.

Ағайын-туыстарға сыйлы болып,

Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!

 

Қартаймай жүріңіздер жанымызда,

Күліп-ойнап әріптестер арасында.

Тілейміз біз Сізге ұзақ ғұмыр,

Тілейміз мәңгі бақыт, сырлы өмір!

 

Бізден тілек – тойыңыз тойға ұлассын,

Құрметтерің биіктесін, қыр ассын.

Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр серік боп,

Жасыңызға жас қосылып, өмір әлі жалғассын!

Т/б:  әріптестері: Күмісжан, Зинеш, Панар, Қымбат, Азамат, Айдын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture