Судың құрамында қауіпті инфекция бар деген хабарлама балқаштық тұрғындарды үрейлендіріп отыр. Автордың айтуынша суды ішкен адамдар гепатит және дизентерия ауруын жұқтыруы мүмкін.
Елді дүрліктірген смс хабарламада суды ішпек тұрмақ, онымен жеміс-жидекті жууға болмайтыны туралы айтылған. Автор, су тасқыны кезінде тіршілік нәрінің құрамына гепатит пен дизентерия инфекциясы түскенін, оны санитарлық эпидемиологиялық станция мамандарының растап отырғанын жеткізеді. Алайда, балқаштық мамандар бұл мәліметті жоққа шығарды.
Лена Батанаева – қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі
«Эпидемиологтардың айтуынша, су құрамына қандай да бір инфекцияның түсуі мүмкін емес. Себебі тіршілік нәрі арнайы Ал, зертханашылар болса, су құрамына апта сайын зерттеу жасап тұрады».
Бұл хабарлама қазір Қазақстанның әр өңіріне тарап үлгерген. Алайда, еш бір жерде ақпарат расталмады. Ал, Астанада жалған мәлімет таратушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Болжам бойынша, елді дүрліктірген автор Ресейде болуы мүмкін.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login