Адал жар, аяулы ана, асыл әже, Руы Тобықты – Рысбай, Дәрібекова Төлжан Орынбекқызының өмірден өткеніне 1 маусымкүні 40 күн болады.
Қырық күндік асы 1 маусымкүні сағат 11.00-ден бастап «АТТИЛА» мейрамханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарына, көршілерге хабарлаймыз.
Ауызашар кешкі сағат 21.00 –де өз шаңырағынан Балхаш 1станциясы, Мехколонна 16 үй, 2 пәтерден беріледі.
Алладан рақым, Пайғамбардан шапағат, топырағың торқа, жаның жәннатта болсын деп дұға бағыштаймыз.
Қырық күнің кеп қапты-ау, сен кеткелі қадымдап,
Сен жүруші-ең тірлігінде, шаттығыңмен адымдап.
Алла салған жазымышқа, біз көнеміз анашым,
«Жатқан жерің жарық болсын!»-деп, тілейді қауымың!
Артығы едің ішінде даналардың,
Бәрі осындай болса ғой аналардың.
Ұрпағы үшін өткізген әр сағатын,
Жұмақтан орын алсын ғазиз жаның.
Анажан өзіңді сағынамыз,
Тағдырдың салғанына бағынамыз.
«Айналайын, құлыным!» — деп қарсы алатын,
Сіздей жанды қайдан біз таба аламыз.
Еңіреп қалды ағайын, бауырларың,
Жылап қалды жан-жарың, балаларың.
Не шара жансыз бейне қалдық құшып,
Амалсыздан сағыныш жырын жазып.
Жүруші едің ортамызды мәнді қып,
Жадымызда ісің қалды жаңғырып.
Жүрегінде ағайын мен туыстың,
Асыл бейнең сақталады мәңгілік!
Аяулы жан едің бір жаның ізгі,
Мәпелеп-ең, ардақтап бәрімізді.
Ортамызда балаларыңның көркі болып,
Ұйытушы-ең, әулетті, бәрімізді.
Ас берушілер: жолдасы – Тілектес,
балалары: Азамат – Айдана, Бекзат, Гүлзат, немерелері – Айкөркем, Қуаныш.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login