Аса қадірлі жездеміз Әбдікәрімді 60 жасқа толған мерейтойымен және апатайымыз Лизаны 58 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!
“Өмір” атты қиындығы мен қызыққа толы ұзақ жолда жақсылық, отбасына бақытты ғұмыр тілейміз. Тағдырларыңызда таршылық көрмей, Алла жастарыңызды ұзақ қылсын, туған-туысқа ардақты, дос-жаранға сыйлы болып бала-шағаның арасында жүре берулеріңізді тілейміз.
Мінезің бар таңғы нұрдың шуағындай,
Әкесіз, бір әулеттің нұр бағындай.
Құшақ жайып келгенде ашық қабағы,
Алтынға тең, алтындай басың бағалы.
Әулеттің үлкен тірегі боп отырсыз ғой,
Өсіп-өнген бала-шаға,
Біз тілейміз амандығын отбасының,
Қосағыңмен қоса ағар.
Асыл жездем, жақсы тілек айтайықшы,
Алпысыңда бөленіпсің ел-жұртыңның алғысына.
Бағың тасып жақсылықтар бола берсін,
Мына келген асқарлы алпысыңда.
Асыл әпкем, анасы үш баланың,
Шаңырағың биік боп шайқалмасын!
Жан жолдасың – жездемізбен бірге боп,
Жарқырап, келер күнің бақ орнатсын!
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз.
Мерекеңіз ұзағынан бола берсін,
Үй-ішіңіз немере, шөбереге тола берсін!
Т/б: балдыздары – бажалары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login