Соңғы уақытта еліміздегі балабақшаларда түрлі оқиғалар орын алып, ел жағасын ұстатуда. Ғаламторда тәлім-тәрбие береміз деген жандардың бүлдіршіндерді ұрып-соғып жатқан әрекеттері өріп жүр.Осыны ескерген Бас прокуратураның ресми өкілі Бағдат Мусин Қазақстандағы барлық балабақшаларда онлайн-бейнебақылау камерасын орнату керек дейді.
Мына кадрлар Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде түсірілген. Онда көріп тұрғандарыңыздай, тәрбиеші бір баланың қолын тексереді. Және көңіл-күйінің жоқтығынан болса керек кішкентай ұлды жұлқылап, құлағын бұрап, ашуын баладан алады. Және содан кейін тәрбиеші жұмыстан қуылады. Алайда, келесі аптада дәл осындай жағдай , дәл осы балабақшада тағыда қайталанады. Болжам бойынша,практикант баланы қорлайды.
Ал Балқаштағы балабақшалардың бірі Балаусада бейнебақылау осыдан екі жыл бұрын орнатылған. Мамандардың айтуынша,камера мол септігін тигізуде. Күндіз –түні 8 аппарат ғимараттың іші-сыртын қадағалайды. Соның арқасында көңіліміз тыныш болды дейді.
Сәуле Кәріпбекова – «Балауса» балабақшасының директоры
«Оның ішінде 8 камера бар.Балалардың барлығын көреміз.Қалай кім келетінін.Ата-аналар қалай келетінін.Бізге өте үлкен көмек.0755Балабақша қазір тыныш.Ешкім жүрмейді.Кешкеде ешкім келмейді.Өте тыныш. Барлығы жақсы қазір».
Бұдан өзге шаһардағы барлық балабақшалар бейнебақылаумен қамтылған. 2015 жылы тәрбие ошақтарын әкімшілік өз қармағына алғаннан кейін, камераны орнатып берді. Қазір өңірдегі бүлдіршіндердің қауіпсіздігін 150 бейнебақылау қадағалап отыр.
Ольга Садвакасова – Білім бөлімінің бас маманы
«Қалада мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін 14 ошақ бар. Оның барлығы бейнекамералармен қамтылған. Барлығы бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін жасалуда. Осындай қызмет үшін жыл сайын 2млн-астам қаржы бөлінеді».
Қазіргі күні камералар балабақшаның сырты мен дәліздерін ғана түсіреді. Алайда, егер бас прокурордың өтініші үкіметте құпталса- онда бақылау әрбір топтарда пайда болмақ. Оған қоса, ата-ана балабақшада не болып жатқанын үйде отырыпта көре алатын болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login