Балқаштық түлектер емтихан тапсыруға кірісті

Балқаштық түлектер емтихан тапсыруға кірісті. Оқушылар мектеп атестатын алу үшін 11 жыл бойы алған білімдерін дәлелдеуі тиіс. Бұл сынақ әсіресе алтын белгі мен қызыл атестатқа үміткерлер үшін аса маңызды. Cебебі енді атестатқа ҰБТ емес эмтиханның бағасы қойылады.

Бүгін алғашқы эмтихан күні. Таңғы 9 дан бастап балқаштық 264 түлек эссе жазуға кірісті. Оқушыларға ЭКСПО, Абайдың қара сөздері, Қазақстан Астанасы секілді 40 тақырыптың бірін таңдап, өз ойын қағаз бетіне түсіру үшін 3 сағат уақыт берілген.

 Айгерім Рымбек – түлек
«Бізге 40 тақырып берілген жыл басында. Біз соған дайындалдық. Маған берілген тақырып Шәкәрім Құдайбердіұлының  «Жастарға» деген өлеңінде Абай арқылы келген жазу болатын болды. Қатты қиналған жоқпын».

Ана тіл мен әдебиеттен кейін түлектер алгебрадан эмтихан тапсырады. Оқушылар бақылау жұмысында берілген тапсырмаларды 5 сағаттың ішінде шешулері тиіс. Одан кейін Қазақстан тарихынан қойылған сұрақтарға ауызша жауап беріп, қазақ және орыс тілдерінен тест тапсырады. Соңғы кезекте таңдау пәні.

Сырым Елеубеков – №7 мектеп гимназиясының директоры
«Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 34 түлек бітіргелі отыр. Түлектер ішінде үздік атестатқа үміткер бір оқушымыз бар. Үздік атестатты алу, алмауын бұған дейін ҰБТ шешетін,ал қазір өз мектебімізде шешіледі».

Егер, түлек қандай да бір емтиханнан өтпей қалса онда екінші рет қайта тапсырады. Ал, бір емес 3 пәннен дайын болмай шықса, мектеп атестатының орнына мектеп бітірді деген анықтама ғана алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture