Ардақты Әже, сүйікті Ана Нөкербекқызы Қауан , Сізді 70 жасқа толған туған күніңізбен құттықтаймыз! Сізге ашық аспан, зор денсаулық, үлкен бақыт, дүниедегі барлық қуанышты тілейміз! Арамызда осылай ақылшымыз болып жүре беріңіз!
Өмірде қиналсаңыз да қиындықты жеңе біліп, ақ жаулықты әже атанып отырғаныңызға біз қуаныштымыз! АЛЛА сізге қуат беріп, 100 жасаңыз!
Көрер қызығыңыз бен ұл-қызыңыздың шаттығы көп болсын! Ауырмаңыз! Сырқамаңыз! Шөбере, шөпшек көріңіз! Жаратқанның берген барлық жақсылығы сізді айналып өтпесін! Барлық арман-тілектеріңіз орындалып, Жаратқанның сүйген құлы болыңыз! Мейірімді жүзіңізден күлкінің ізі кетпесін!
Ана-мейрам, Ана-таза, таңғы шық,
Ана десе атады әркез таң күліп.
Аналардан бастау алар жақсы істер,
Тарихтардан айтар жартас жаңғырып.
Ана-шаттық, жүрер жерін сән қылып,
Мінезіне қайран қалам, таң қылып.
Еркелігін баласының көтерген,
Төзімділік Анажанға тән қылық.
Ұрпағыңның асқар таудай арманы,
Тек өзіңсің шаңырақтың қорғаны.
Біз қасыңда ойнап-күліп жүрейік,
Асыл ана, аман жүрсең болғаны.
Аралап кең дүниенің шар тарабын,
Өмірдің ауыр жүгін арқаладың.
Құтты болсын 70 жас торқалы той,
Бақыт пен нұрға толсын әр қадамың.
Т/б: қыздары — күйеу балалары, ұлдары — келіндері, немерелері, жиендері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login