31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Кеңес үкіметінің тұсында 1920 жылдан бастап адамдарға нақақтан-нақақ жала жабылып, тұтқындау, ату жазасына кесу белең алып кетті. Бұл зұлмат заман 1952 жылға дейін жалғасты.Осы тұста Қазақстанның әр бұрышынан түрмелер ашыла бастады. Сондай лагерь 1934 жылы БалқашЛаг атауымен Балқаш қаласында да салынған болатын. Бұл Қарағандыдағы Карлагтың №37 бөлімшесі.

1955 жылы БалқашЛаг жабылды. 20 жылдың ішінде мұнда 10 мыңға жуық тұтқын болған. Осылайша елді қанау тек Сталиннің өлімінен кейін ғана тоқтатылды. Бүгінгі күні оның орны да қалмаған, жермен-жексен болған. Сол зұлмат күндердің жұрнағы, саяси қуғын-сүргін құрбандары жайында қаламыздағы мұражайда сақтаулы.

Бұл түрмедегі сотталушыларған тамақ берген темір ыдыс.

Балқаш лагерінде өзге елден келген литва, неміс сияқты ұлт өкілдері де болған. Мына баян шешендерден, скрипка литвалықтардан қалған.

Бұл тақтада алғаш болып Балқаш қаласын тұрғызуға ат салысқан құрылысшылар, дәрігерлер мен мәдениет қайрткерлері бар. Сол кезде жазаланушыларды тегін еңбек күші ретінде пайдаланды. Олар Балқаш мыс балқыту зауыты, фабрика мен тіпті Балқаш қаласының тұрғызылуына да ат салысқан.


БалқашЛаг -ғы 17 тұтқынға түрлі айып тағылып, 58 статья бойынша ату жазасына кесілген.

Қылышынан қан тамған Кеңес үкіметінде кешірім деген болмаған,алайда осылардың ішінде біреуі ғана, жоғарыдан келген тапсырмаға құлақ аспай, ақыры ату жазасынан босап шығады. Ол сол кезде Балқаш құрылысы комсомол ұйымының хатшысы болған Иван Волков.

Арқаның ардақты күйшісі, Ақтоғай ауданының тумасы Ахметхан Сармантаевтың «58-ші статья» күйі репрессияға ұшырап, атылып кеткендердің жайын жеткізеді. Бірақ өзі де артынша ату жазасына кесіледі.

Жазықсыз атылғандар ішінде Балқаш мыс зауытының алғашқы басшылары мен құрылысшылары да бар. Мысалы 1930 жылдан бері қала құрылысына жетекшілік етіп, түсті металлургия комбинатын тұрғызуға үлкен үлес қосқан Василий Иванов 1938 жылы ату жазасына кесілді.

Бұл Балқаш лагеріндегі сотталған әйелдер.

Мағрипа Қазбекова Балқаш қаласында білікті дәрігер болған. Ол халық жауы деп тұтқындалған жолдасы Исмағұл Қазбековтың артынан іздеп барамын деп өзі де қамауға алынады. 1938 жылдан 1947 жылға дейін Карлагтың Балқаш бөлімінде болды. Сол кезде М.Қазбекова түзеу лагеріндегі ауруханаға меңгеруші етіп тағайындалады. Ол әскери тұтқындарға арналған барақта балалармен бірге тұрды. Қаладағы Қазыбекова көшесі осы кісінің құрметіне қойылған.

Балқашлагта тіпті балалар бөлімшесі де болған екен. Қалалық музейде сақталған мына темір тор терезе соның дәлелі.


Балқаш Лаг маңында бүгінгі күні өзге ұлт өкілдері қойып кеткен мына ескерткіштер қалды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login