Құттықтау Өміржанұлы Саттар (балалары)

Аяулы жар, ардақты әке, сүйікті ата Өміржанұлы Саттар 60 жасқа толып отыр. Үйіміздің шуақты нұры аяулы анамыз болса, бәріміздің шырқап айтар ән-жырымыз – асқар тау – Әкеміз! Ақылшы тірегіміз де Өзіңіз! Бүгінгі мерейтойыңызбен сізді шын жүрегімізбен құттықтап, балаларыңыз бен немерелеріңіз ұзақ ғұмыр тілейді!

Құтты болсын қуанышты күніңіз,

Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.

Алпыстың да асқарына жеттіңіз,

Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

 

Ұрпағыңның асқар таудай арманы,

Тек өзіңсің шаңырақтың қорғаны.

Біз қасыңда ойнап-күліп жүрейік,

Аяулы жар, аман жүрсең болғаны.

 

 

Біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз!

Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып,

Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп,

Оны да аман-есен қарсы алалық.

 

Т/б: жары – Бибіғайша

балалары: Тілек – Айсұлу, Рустам – Базаргүл

немерелері: Нұртілеу, Ажар, Нұрасыл, Ибрахим

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture