Құрметті әріптесіміз Қойшыбаев Жасұлан Манерханұлын 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз! Басыңа бақ келіп қонып, мерейің үстем болсын.
Жанұяң, бала-шағаң аман болып, шаңырағыңа қуаныш пен шаттық толсын! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-берек тілейміз! Дос-жаран мен туған туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз! Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап, сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілейміз.
Жұмысыңның жемістері көп болсын,
Елің тыныш, көңілің тек тоқ болсын.
Денсаулығың мықты болып, мың жаса,
Ел дегенде жүрегіңде от болсын!
Кішіге – аға, үлкенге іні болып,
Жүре бергін жақсының бірі болып.
Жамандық атаулыны жолатпайтын,
Жақсының бұл өмірде жөні бөлек.
Елу мен алпыстада нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың,
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта,
Немере-шөберелі шал болғайсың.
50 жас — өзенді өмір, сыншыл ағын,
Мәпелеп жеміс берер бар шынарын.
Жан әріптес құтты болсын мерейтойың,
Өмірдің тілейміз біз нұр-шуағын.
Т/б: РССУ «Казахмыс Мэйкер» Балхаш. № 1 бөлім ұжымы.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login