Балқаштық полицей облыстық сайыста жеңіске жетті

Балқаштық полицей облыстық сайыста жеңіске жетті. Қарағандыда жол-патруль қызметінің үздік инспекторлары байқауы өтті. Оған өңірдің ең мықты деген 20 жол сақшысы қатысқан. Ал, Балқаштың абыройын Талғат Ракишев қорғады. Сайыста алдымен қатысушылардың білімі сыналған. Кейін физикалық дайындықтары тексерілді. Барлық турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталған. Бірінші орын Жезқазған мен Теміртау полицейлеріне бұйырса, екінші орынға қарағандылықтар жайғасты. Ал, балқашқа қола бұйырды. Бұл Талғат Ракишевтің екінші жеңісі. Ол былтыр да осы сайыста бағын сынап, күміс жүлдені жеңіп алған.

Талғат Ракишев – жол-патруль полициясының инспекторы
«Барлық көпсайыстарды ойдағдай тапсырдым деп ойлаймын. Тек бір әттегені алыс қашықтықта жүгіруде уақытқа үлгермегенім. Ал, негізінен жүргізу жағынан және тест жағынан өте керемет, тамаша тапсырдым дсее болады.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture