Еске алу Надирбекова Баршагүл

Аяулы жар, сүйікті ана Надирбекова Баршагүл бүгін 24 мамыр күні ортамызда болғанда, 56 жасқа толар еді…

Түгел дейсің бұл күнде қай құбыла,

Жанды жейді сағыныш, ойға алғанда.

Анашым, 56 жасқа жетпей кеттің,

Не шара, қолдан келер амал бар ма?

 

Жан едің жаратылған жаның ізгі,

Қиял-мұңға бөледің бәрімізді.

Енді балаларыңа бұйырсын деп тілеймін,

Сен көрмеген барлық қызық, қуанышты.

 

Еске аламыз дидарыңды сағына,

Мұңымызды жырмен айтып шағына.

Мерекелі туған күнің бүгінгі,

Өтіп жатыр бір өзіңсіз тағы да.

 

Еске алумен бүгін сені аңсадық,

Өткен күнді жабырқаумен сағындық.

Сағынамыз, не шара бар бұл тағдырға,

Кеттің енді келмейсің сен біздің ортаға.

Еске алушылар: жолдасы – Тәңірберген, балалары, немерелері, абысыны – Ира, қайын апасы – Алтын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture