Қырық күндік ас Байарыстанов Нұрділдә Мұқанұлы

 

Асыл жар, ардақты әке, сүйікті ата, Руы Тобықты – Манас – Мандар, Байарыстанов Нұрділдә Мұқанұлының өмірден озғанына 40 күн болады.

Қырық күндік асы 26 мамыр күні МЕШІТТІҢ КІШІ залында сағат 11.00-ден бастап беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, жора-жолдастарына, еңбек ұжымдарына, көршілеріне және танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Көп болды, әке, басыңа бармағалы,

Бармағалы, сілкінтіп сары даланы.

Көлеңкелі көңілсіз қу тірлікке,

Көбеңсіп жүр, көндікпей қарғаң әлі.

Көп болды, әке, жүзіңді көрмегелі,

Көрмегелі мұң басты өр денені.

Жабырқатқан жалғыздық жалған күнде,

Жаныма сен боп тұрсың ең керегі.

 

Көп болды, әке, даусыңды естімедім,

Естімедім, өкіну кеш білемін.

Сені апарып көріңе салған тағдыр,

Қарашы, кеуде тұсты кескілеуін.

Жүрек жасы жанарды жуады шын,

Тежеуге де келмей жүр сірә, күшім.

Бәрі әкеңнен аумайсың деп айтады,

Айта берсін, сол менің мақтанышым.

 

Амал қанша, сені жоқтап күйгенмен,

Өтіп жатыр тірлік шіркін, күйбеңмен,

Қайтып сенің келмесіңді білсек те,

Алаңдаумен 40 күн өтті, іздеумен.

 

Әлдилеген баласын, мәпелеген,
Адам бол деп құлынын жетелеген.
Бұл әлемде мейірім де, ықылас та,
Бір өзіңе, Жан Әке, жете ме екен?

 

Жан әке, торқа болсын топырағыңыз,

Қайғының орнын немен толтырамыз?

Әкешім, Сізді іздеп сағынамыз,

Атыңды өшірмеуге тырысамыз.

 

Жайдары, дархан көңіл мінезімен,

Жаны пәк, қамқор, адал тілегімен.

Жар болды, әке болды мейірімді,

Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегімен.

 

Үңілер кім бар мендегі мұңға, жан сырға,

Қызықпай қалдым дүниеге де, алтынға.

Безеріп қалдым, селт етпей қалды көңілім,

Көзімнен таса болған соң сендей нар тұлға

 

Әке болса бір сендей боп тусашы,

Балаларға алақанымен су тасып.

Ұлым, қызым деп елжіреген жүрегің,

Болып еді-ау осы өмірде тірегің.

 

Ер жетіп, аман өссін ұлың Азамат,

Артыңда жоқтатпайтын жалғыз тұяқ.

Рухыңа серік болсын иман жүзің,

Тұрағың болсын дейміз мәңгі жұмақ!

 

Біз де, сізге рақым тілейік, Тәңірден,

«Орын берші» деп Жәнәттің Һақ төрінен.

Рахат тапсын, жерге тиген ақ тәнің,

Шапағаты төгілсінші, Алла өзі түсірген.

 

Ас берушілер: жұбайы – Қуаныш, балалары Айгүл- Елжан, Азамат – Жанар, туған-туыстары, немерелері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture