Қымбатты Сания! Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа — амандық, денiңе — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың — асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың — гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!
Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,
Аман жүрші әрқашан ортамызда.
Ағайын-туыстарға сыйлы болып,
Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!
Ақ дастархан жайылсын қуанышқа,
Қайғы келсе мұңайма, берік ұста!
Жазсын Аллам көруге, үш балаңның,
Отау болып шыққанын бұл ғаламда.
Т/б: достары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login