Аяулы Исмагулова Жайнагүл! Сізді 50 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Тағдырыңызда таршылық көрмей, тәтті ғұмыр кешіңіз. Ағайын-туыстың ортасында осы бір жайдарлы мінезіңізбен қызық-қуанышқа ортақтасып, аман-есен жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!
Құтты болсын туған күн мерекеңіз,
Жылдан-жылға арта берсін берекеңіз.
Жүзге келген тойыңызда кездесейік,
Бала-шаға, ағайын, туған-туыс.
Өміріңіз ұзақ болсын, жайнасын,
Арай таңдар ата берсін қолдасын!
Сыйлы болып өмір сүрген ортада,
Отбасынан бақыт құсы таймасын!
Құтты болсын 50 жасыңыз,
Қуанышқа мерейленіп тасыңыз.
Қуат беріп, үрім-бұтақ қызығы,
Ұзақ жасап, жүзден әрі асыңыз.
Бақыт деген осы емей немене,
Құт қонақтап, жайды кеңге кереге.
50 жаспен құттықтасақ біз бүгін,
100 жаста да тілек айтсын шөбере!
Т/б: әпкесі- Амантай, Шалхарбаевтар әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login