Қырық күндік ас Алпысбаев Әлібек Маратұлы

Руы Тобықты – Көкше, Алпысбаев Әлібек Маратұлының дүниеден өткеніне 26 мамыр күні 40 күн толады.

Қырық күндік асы 26 мамыр күні АҚ ТІЛЕК дәмханасында сағат 11.00-ден бастап беріледі.

Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаң, жора-жолдастарына және танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Не шара бар тағдырына жазулы,

Дауа бар ма, ажал шіркін азулы.

Тап болдың ғой терең орға қазулы,

Жүрегіміз сағыныштан солады,

Көкіректе әрқашан мұң болады.

Ажал деген қайғының үлкені екен,

Қалай ғана орындарың толады.

 

Сыйлы едің, жан-жағыңа, маңайыңа,

Қамқор едің, жатқа да ағайынға.

Көрген түстей бәрі де болып қалды,

Сыймай кеттің қапыда маңдайымызға.

 

Көп еді алдымызда арман әлі,

Сұм ажал алды-артына қарамады.

Жайлы жат мекеніңде алаңдама,

Бауырларың өзіңді сағынады.

 

Ақ көңіл-ең, әр кезде жарқылдаған,

Туысқа да, досқа да аңқылдаған.

Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,

Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.

 

Анаң да қалды аңырап,

Ел жұртың қалды абдырап.

Шарасы болмай тосынға,

Басында қалды мың сұрақ.

 

Ешбір шара тағдырға қыла алмаймыз,

Еске түссең езілмей тұра алмаймыз.

Жайлы болсын жатқан жер, топырағың,

Сағыныштан өзіңе дұға арнаймыз.

 

Еңсемді жүр сағыныш деген мұң басып,

Отырушы едік қауқылдасып, сырласып.

Алладан келген бұйрық солай болды ма?

Асығып кеттің «әкеңе» қарай қыр асып.

 

Түскен кезде қайғы-мұң басымызға,

Ағайын, көрші, құда-жекжат болды қасымызда.

«Рахмет!»-дей келіп шақырамыз,

Баламызға арнап жайған асымызға.

 

Ас берушілер: әжесі – Нескен, анасы – Рая, ағасы – Руслан, туған-туыстары, Досмақовтар әулеті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture