Жүйткіген жүйріктей, аққан жұлдыздай зулап өтіп жатқан уақыт – ай!Өлімі өзінікі болғанмен, өмірі өзгенікі болған аяулы әкеміз Руы Найман — Қаракерей, Абдуалиев ҚуатХамимуллаұлының өмірден өткеніне 40 күн.
Қырық күндік асы 26 мамыр күні сағат 12.00-ден бастап МЕШІТТІҢ ҮЛКЕН залында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, бірге істеген әріптестеріне, танитын барша жамағатты дұғасында болуға шақырамыз.
Алланың нұры көктемгі ақ жауындай көпке пайдасы көп тиген азамат еді. О бастан өлмек айқын. Бұл фәниде темір өзекті пенде жоқ. Өлмес адам елде жоқ. Бірақ төрге шықса төбедей, отбасына адал, жақыны мен алысты тең көрген, құшағы ашық, аңқылдаған ақкөңіл әкеміз Қуатты өлімге қию да, енді арамызда жоқ дегенге сену де қиынның қиыны.« Кешегі күннен жүйрік жоқ»- деген осы да.
«Жағасы жоқ, жеңі жоқ» көйлек кигеніне, «есігі жоқ, төрі жоқ» мәңгілік үйіне енгеніне қырық күн.
Тең келмейтін алтын да еш қолдағы,
Өзің едің Әке үйдің зор бағы.
Жарық берер айымыздай көктегі,
Болушы едің жанымыздың қорғаны.
Біздер үшін асқар едің, шың асқақ.
Сенсіз қалды жанымыз да тым ақсап.
Жанарларды жәудіретіп мәңгілік,
Кеттің әке жанымыздан жырақтап.
Жары – Айна, балалары: Саян, Санат, туған – туыстары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login