Құттықтау Қанат Нұрасыл Нұрланұлы

Біз бүгін кішкентай ғана балапанымыз Қанат Нұрасыл Нұрланұлын 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!

Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тек жақсылықтарын берсін! Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын.

Әрбір күні тыныш болып, былдырлаған тәтті тілі, шат күлкісі, ерке қылығы туған-туыстарына қуаныш әкелсін деп, балапанымызға мына өлең жолдарын арнаймыз.

1 жасқа толды ұлымыз,

Басталды думан жырымыз.
Ағайын, тойға шақырам,
Бір болған мақсат, сырымыз.

 

Ботақаным, айналайын, құлыным,

Өзіңсің ғой шуақ шашқан, Ай-күнім!

Ырысым да, байлығым да өзіңсің,

Болашағың кеңи берсін, айдының!

 

Ата-анаңның сүйікті,

Ұлдарының бірі бол!

Жүйрік аттай бәйгеден,

Жарып шыққан жігіт бол!

 

Т/б: әкесі – Нұрлан

анасы – Аяулым

атасы – Қанат

нағашы ата-әжесі: Боранбай — Роза

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture