Сулейманов Танкен Сейтжаппарұлы(достары)

Бірге өскен досымыз Сулейманов Танкен Сейтжаппарұлы жарық дүниеден өткеніне міне 1 жыл болды. Анасының топырағы суымай жатып, бірінің соңынан бірі жөнелгені қабырғамызды қайыстырып, жанымызға қатты батты.

Көзден кетсе де, көңілімізде мәңгілікке бірге. Досымызды еске ала отырып, артында қалған жарына, балаларына ұзақ өмір берсін – деп, Алладан тілейміз.

Танкеніміздің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Осылайша оздың досым өмірден,

Бірақ бейнең кетпес мәңгі көңілден.

Жолдастарың, ұрпақтарың тұрғанда,

Өшпес ізің мәңгі қалар өмірде.

 

Еске алумен бүгін сені аңсадық,

Өткен күнді жабырқаумен сағындық.

Сағынамыз, не шара бар бұл тағдырға,

Кеттің енді келмейсің сен біздің ортаға.

 

Сағынумен 1 жыл болды өткелі,

Жан досымыз есімізден еш кетпеді.

Өзегімізді өртейді бір өкініш,

Жан досымыздың аз-ақ ғұмыр кешкені.

 

Сен көрмеген ғұмырды, қос құлының жасасын,

Өзің салған ақ жолды, қос құлының жалғасын!

Топырағың торқа боп, жатқан жерің жайлансын,

Жаның болып жәннатта, Аллам сені қолдасын!

 

Арамыздан кете бардың алыстап,

Уайым, қайғы жүректерді жаныштап.

Пейіштің төрі болсын, орыныңыз,

Рухыңызға дұға оқимыз, бағыштап.

Сағына еске алушы достары: Жұмағали-Күләйым, Молдабек-Күлән, Талғат-Айгүл, Жасұлан-Алияш, Қайырбек-Ләззат, Ғабиден-Зинагүл, Өміржан-Айгүл.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture