Еске алу Наурызбайұлы Кәріғұл

Руы Қожағұл, Наурызбайұлы Кәріғұл, Сарытеректің тумасы, тірі болғанда мамырдың 20-да 60 жасқа толар еді. Әттең, дүние-ай! 44 жасында кенеттен өмірден озды.

Әкеміздің 60 жылдық мерейтойын дүркіретіп өткізер едік. Еске алудан басқа қолдан келетін шарамыз жоқ.

Асыл әке сағыныш боп өттің-ау,

Жеті құлын жетіліп ер жетті-ау.

Анамыздың саясында өскенмен,

Әке орның күңіреніп тұрды-ау!

 

Күш-қайратың еңбек үшін жаралған,

Көз көргендер мақтап жүр ғой бар адам.

Қырық жастың қырқасына шығарда,

Бізден бөліп, таңдап алды Жаратқан!

 

Пенде бар ма ғұмырына өкінбес,

Тағдыр солай, біреу ерте, біреу кеш.

Асыл әке, өзің жоқсың сапарда,

Туған ауыл құлпырады бел-белес.

 

Мәңгі мекен, торқа болсын мамықтан,

Орын алғай, жан мен тәнің нұр бақтан!

Немереңді жүрер едің жетектеп,

Көп көргендей жастай алды Жаратқан!

Орның толмас, асыл әке! Рухың бізді жебеп, қолдасын, еске алып отыратын ұрпағың бар, әкешім! Қабірің құран нұрымен нұрлансын, көрмеген көшеңнен жарылқасын, бауырым!

Он алты жыл өтті, өзің жоқсың арамызда,

Бәрібір мәңгіліксің санамызда.

Алланың жазуына көнбес жан жоқ,

Елеспен көңілдегі қаламыз да.

Сағынышпен еске алушылар: жұбайы Бақша, балалары, бауырлары, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture