Құттықтау Балташ Нұржан Ержанұлы (ата — анасы)

Бүгін кішкентай балапанымыз Балташ Нұржан Ержанұлы 1 жасқа толды. Үйіміздің ажары да, базары да кішкентай балапанымызды туған күнімен құттықтаймыз! Жасың ұзақ, ғұмырлы бол, әрқашан былдырлаған бал тіліңмен, әр күнгі қызығыңмен, тәй-тәй басқан қадамыңмен бізді қуантып, өсе бер! Балапанымызға мына өлең жолдарын арнаймыз:

Сәбиіміз сүйкімді болсын, өнер білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып, өрен, өршіл, өркенді болсын.

Жақсы жолды таңдап, жамандық тәлім алмасын,

Даналардың дәстүрін жаңаласын жалғасын!

 

Қылығымен күлдіретін апасын,

Туған күнің  құтты болсын, балашым.

Елің сыйлар азамат  боп келешекте,

Қуантарлық мамасы мен папасын.

 

Думанға толып өңірің,

Ақ болсын ләйім көңілің.

Туған күнің құтты болып

Қызыққа толсын өмірің.

Тілек білдірушілер: әжесі – Бақыт, ата-анасы: Ержан-Мадина, аға-әпкелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture