Біз бүгін кішкентай ғана балапанымыз Балташ Нұржан Ержанұлын 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тек жақсылықтарын берсін!
Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын!
Әрбір күні тыныш болып, былдырлаған тәтті тілі, шат күлкісі, ерке қылығы туған-туыстарына қуаныш әкелсін!
1 жасқа толдың міне бүгінде,
Құлыным бақытты бол өмірде.
Жұлдызың жана берсін әрқашан,
Тек қана шаттық болсын көңілде.
Жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты боп,
Мұратыңа жете бер.
Шуақты болсын әр күнің,
Күлімдесін ақ жүзің.
Қорғап сені періштең,
Биікте болсын мәртебең.
Т/б: нағашылары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login