Біз бүгін кішкентай ғана балапанымыз Айаруды 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!
Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тек жақсылықтарын берсін!
Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын!
Әрбір күні тыныш болып, былдырлаған тәтті тілі, шат күлкісі, ерке қылығы туған-туыстарына қуаныш әкелсін!
Балапаным, боташым,
Айналайын, құлыным.
Толыпсың бүгін 1 жасқа,
Құттықтаймыз біз бүгін!
Тәй-тәй басқан, құлыным!
Келдің міне, 1 жасқа.
Гүліміз болып өсе бер,
Сенің жөнің бір басқа.
Сүйіктісі Алланың,
Сен болғайсың, құлыным.
Байлық емес бақ беріп,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Аталар мен әжелер,
Тілеулесің көкешім.
Керек десе жүрегін,
Алып берер сен үшін.
Т/б: әжесі – Бәтима
ата-анасы: Ерғали – Дәмегүл
ағалары – Жанәділ, Ескендір
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login