Кісі өлтірген Балқаш тұрғыны сотталды

Беймәлім азаматты өлтірген Балқаш тұрғыны 12 жылға сотталды. 36 жастағы айыпталушы бір топ жігіттермен болған төбелесті, қанды қылмыспен аяқтады. Ал оқиға 5 қаңтар күні болды. Сотталушы түнгі уақытта үйінде ағасымен бірге арақ ішіп отырады.Содан бөтелкелесі шығып кеткенде, сырттан айқай-шуды естиді. Және біреулер ағасын ұрып жатыр деп, төбелестің ортасына кіріп кетеді. Сөйтіп тұрғанда, ашуға булыққан сотталушы пәтерден пышақты алып шығып, бірінші кездескен жігітті пышақтап тастаған. Жүрекке тиген соққыдан 21 жастағы азамат дәрігерлер келгенше қайтыс болды. Қандықол бірден құрықталды. Бірақ, жасаған ісін мойындамай, марқұм жігітті ағасы өлтіргендігін айтып ақталды.Алайда, кәугерлер қылмыскерді таныды. Соттың шешімімен 36 жастағы тұрғын 12 жылға сотталды.Оған қоса,қара жамылған отбасыға 2,5 млн. теңге моральдік- материалдық өтемақы төлейтін болады. Сот үкімі өз күшіне енген жоқ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture