Ардақты да аяулы сыныптасымыз Руы – Әлтеке-Мырзағұл, Ұмытшақов Дулат Бейбітбекұлы бұл фәниден бақиға өткеніне 2017 жылдың 19 мамырында 10 жыл болады.
Жанға жайлы мінезіңмен кең құшағыңды жайып жүрсең де, кең дүниеге сыймай, шын дүниеден тапқан мәңгілік мекенің жұмақ болсын. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болғай!
Жүректесің мәңгі біздің көңілде,
Жас таусылды көзден біздің төгіле.
Жайлы болсын жаткан жерің, асыл дос!
Самғап жүрші жәннаттың төр көгінде.
Өмір жалған өтпелі екен қас-қағым,
Жанға жара салатұғын, басқа мұң.
Сағынышпен еске аламыз өзіңді,
Жастайыңнан бірге жүрген достарың.
Бақ жұлдызың ерте сөнді көгіңде,
Қимайтұғын досымыз ең өлімге.
Жатқан жерің жайлы болып, торқалы,
Орның болсын пейіштің қақ төрінде!
Тау-тастың қыраны едің, еркін ұшқан,
Сүйсініп қарайтындай елің, дұшпан.
Жігіттің сұлтаны едің, дара тұлға,
Батырып кете бардың қара мұңға.
Топырағың торқа боп, асыл досым,
Мекеніңді бұйыртсын жұмақ қылып.
Жаның жәннатта,
Тәнің рахатта болсын!
Дулат сынытасымызды еске ала отырып, Алладан рақым, Пайғамбарымыздан шапағат, топырағың торқа, жаның жәнатта болсын деп дұға бағыштаймыз.
Еске алушылар: сыныптас достары: Мейрхан, Табиғат, Данияр, Нұржан, Бекзат, Шалқар, Ернар, Меруерт, Гүлмира, Перизат, Балжан, Айгүл, Алуа, Баха, Аселя, Асема, Үміт.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login