Шығыс Қонырат руднигінің тумасы
Руы Тобықты – Байтемір
Айдабулов Махаббат Тұрыспекұлы
(28.02.1967-04.06.2007)
Марқұм әкемізге құран бағыштап мамырдың 20-шы жұлдызы күні сағат 11.00-ден бастап «ӘЛИЯ» мейрамханасында 10 жылдық ас беріледі.
Барлық ағайын-туыс, құда-жекжат, жора-жолдастарын, бірге жұмыс жасаған еңбек ұжымын, балаларының жолдастарын, әріптестерін, көршілерін және танып-білген барша жамағатты асқа шақырамыз.
Көнеміз бұл тағдырдың салғанына,
Анамыз аман жүрсін ортамызда.
Жұлдыздай ағып өткен бұл өмірдің,
Бейнеңіз қалды әке санамызда.
Топырағың торқа боп, асқар Әке,
Мекеніңді бұйыртсын жұмақ қылып.
Жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын!
Жүруші едің қабағын бағып анаңның,
Көңілін тауып қарындас, бауыр, ағаның.
Сағынышымызды сыйғыза алмай ішімізге,
Өлең қып жаздық қалмады басқа амалымыз.
Бейне судай сырғып өтер ай-жылдар,
Қиналғанда асқар тауым сен жоқсын.
«Әке» дер-ем, оны еститін бірақ кім?
Сағындық қой жанарларда бұлақ мұң.
Әкетайым, асқар тауым, ардағым,
Сіз едіңіз ойымның тұңғиығы, аралым.
Папатай, сізді іздейді көңілім,
Қайтем енді сізсіз өтер өмірім.
Тағдыр — сен неткен қатал едің, қатты едің,
Жаудырған жаңбырыңмен суық едің.
Бірде сен күн сиякты шуақтысың,
Ағындай болған мөлдір-таза бұлақпысың.
Әке, бала едім сізді жоғалтқан күнімде,
Қан жылады жас жүрегім сол кезде.
Қимадым-қимадым өзіңізді,
Қимас едім сізді ажал-өлімге.
Не жазым, пейіштегі сол болар,
Қайтейін, АЛЛАның бұл ісі болар.
Қолымнан келер не шара, әкетайым,
Ұмытылмас, өзіңмен болған сол жылдар.
Мәңгі есімде сіздің жарқын жүзіңіз,
Мөлдіреген бал-бұл жанған көзіңіз.
Ыстық маған, әкетайым, құшағың,
«Айналайын» деп еркелеткен сөзіңіз.
Еске алушылар: анасы — Сұлухия, жары — Нұргүл, балалары — Сұңғат, Мақсат, бауырлары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login