Руы – Тобықты-Ақсақ-Шуылдақ, Сыздықбеков Жақсыгелді 20.05.2017 жылы 1 жыл болады.
Сағынумен 1 жыл болды өткелі,
Жан әкем есімнен еш кетпеді.
Өзегімді өртейді бір өкініш,
Жан әкемнің аз-ақ ғұмыр кешкені.
Сен кеткелі, сол қалпы, өмір мүлде,
Қыс келді, жаз да кетті, қоңыр күз де.
Бала-шағаң, аман-сау өсіп жатыр,
Жетпей тұрған Сен ғана көңілімде.
Сағынышпен әр таңды атырамыз,
Көз тартады өзің жатқан атырабыңыз.
Қол жаямыз, дұға қылып еске алумен,
Бақыл бол, торқа болсын топырағыңыз!

Руы – Тобықты-Ақсақ-Шуылдақ, жан балам, бауырымыз Сыздықбеков Бақыт Жақсыгелдіұлының өмірден өткеніне 4 жыл болады.
Көз алдымнан кетпейді,
Желкілдеген тұлымың.
«Мама» деген даусыңды,
Сағындым ғой, құлыным!
4 жыл бопты-ау сен кеткелі өмірден,
Тірі кезің еш кетпейді-ау көңілден.
Әлі күнге кездесер деп елеңдеп,
Сағынумен мына өмірден жеңілем.
Фото 7
Марқұмдардың аруақтарына құран бағыштап 19 мамыр күні «ІЛИЯС» дәмханасында сағат 11.00-ден бастап ас беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаңға, жора-жолдастарға, еңбек ұжымдарына, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Хабарлаушылар: анасы Үміт, балалары-бауырлары, апалары, күйеу баласы, немерелері, шөбересі – Сыздықбековтер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login