Қызметтік көлікпен мас күйінде жүрген Балқаш қалалық әкімдік қызметкері ұсталды

Қалалық әкімдік аппаратының жетекшісі мас күйінде ұсталды. Мемлекеттік қызметкерді жол патрульдік полициясымен бірге рейдке шыққан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері түнгі сағат 3-те қалада тоқтатқан.Тергеу барысында «Skoda» көлігі жүргізушісінің мас екендігі анықталады. Оған қоса, жүргізген темір тұлпары мемлекеттің меншігіндегі қызметтік көлік екені мәлем болады. Сол жерде аппарат басшысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Ал, Этика кеңесінің мүшелері мемлекеттік қызметкерге қатаң сөгіс жариялады. Аяғын шалыс басып, ұятқа қалған әкімдік қызметкері болса, 15 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін алға тартып, сол күні кешкісін сыра ішіп отырған уақытында, жұмысқа байланысты шұғыл түрде қалаға шығуға мәжбүр болдым, деп ақталған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture