Еске алу Омашов Салалы

Шұбартау  ауылының  тумасы –Асқар  тау  әке, Сүйікті  ата, Асыл  жездеміз   Омашов  Салалы, тірі  жүрсе, бүгін  80 жасқа  толар  еді.

Алайда  аяулы   жары  Сайлаугүл   өмірден  ерте кетіпі, ұлғайып  қалған  кезінде  жалғыз  қалғаны, жанына  батқандықтан болар, 68 жасында кете  барды. Көңілге  медеті  Мәулені  мен  Жазирасынан  туған  немерелерін  көріп  кетті.

Марқұм  ақкөңіл,  ағайынға,  дос- жаранына  қадірлі,  мінезі  сыпайы,  момын    жан   болатын.  Бүкіл  саналы  ғұмырын, Шұбартау  мен  Абай  совхоздарында  ауыл  шаруашылығын  дамытуға  бір  кісідей  үлесін  қосқан  жан  еді.  Жаз  бойы  шопандарды  аралап,  совхоздағы  артезиан  құдықтарының , склад  ауыл  басындағы  қой  қырқатын   моторды  қадағалап  жүргізетін, қолы  ісмер, шебер  жан  болатын.

1974 жылдары  алғаш  комсомол  шопандар  бригадасын  ашқанда  «Айдын» атты  бригадасын басқаруды  жездеміз  Омашев  Салалыға  жүктеді. Мектепті бітіре  салысымен, үйлерінде  ешқандай   ауыр  жұмысқа  қол  тигізбеген, әрбір  үйдің еркетотай  ұл   қыздарына қой  баққызу, қора  тазалау, мал  суару, кезекпен тамақ  пісіру, оңай  шаруа  емес-ті. Осы  аталған  жұмыстың  бәрін, апа –жездеміз, жастарға  үлгі  болып, қоса  атқарып, жастарды  еңбекке   баулып, өздеріне  жүктелген  міндетті  аброймен  атқарып,  үнемі  үздіктер  қатарында  болатын. Артындағы  балаларының бір-бір  шаңырақтың  иесі  болып, жақсы  жағдайда  жүріп  жатқанын көріп, «Орнында  бар  оңалар »   деген  осы  болар  деп, тәубе қыламыз. Алла  жасамаған  жасыңды,   ұрпағыңа  берсін. Жатқан  жерің  жайлы,  топырағың  мамық  болсын!

Еске  алушылар; балдыздары   Дәкен, Кәкен —  Бақытбек,  балалары  Мәулен-Шолпан, Дәурен-Динара, Жазира,  немерелері, жиендері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать