ЕСКЕ АЛУ
Тағдырдың жазуына шара бар ма?
Руы: Әлтеке – Әтембек, Арқаның ақ самалындай аңқылдаған, ардақты ата, әке Мухатов Шакуали Ахметжанұлының өмірден өткеніне 10 жыл және 70 жасқа толды.
Басымыздан тарқаса думанды күн,
Жүректегі сағыныш, тұрлаулы мұң.
Аймаңдай азамат ең Арқадағы,
10 жыл өтті,
70 жасың бүгінгі туған күнің.
Жастықтың қызығын бірге кешкен,
Шығар ма шырайлы күндер естен.
Дос-құрбы, туғандармен өткен күндер,
Елестейді сағым боп мың белестен.
Туған-туыс еске алып жабығады,
Балаларың өзіңді аңсап сағынады.
Немерелер есейіп, өсіп жатыр,
Аруағыңмен қорғап жат, ұрпағыңды.

Анасындай болып, жылуын төккен,
Шакуалидің туған күнінде өмірден өткеніне 1 жыл болған, Күлмара анамызға (тәтеме) дұға бағыштаймыз.
Отқа да салып жаныңды,
Көтердің жүктің ауырын.
Балаңа арнап барыңды,
Елжіреді жүрегің.
Бұтақ жайған панамыз,
Жүрегі жылы анамыз.
Еркелікті көтерген,
Ақылы асқан данамыз.
Ержеткізген балаңның,
Артында қалды ұрпағы.
Өсіп-өніп жатырмыз,
Сіздің берген батаңыз.
Жандарыңыз жәннатта, топырақтарыңыз торқа болсын.
Еске алушылар: жұбайы – келін Бихан, бауырлары, балалары, келіндері, немерелері, туған-туыстары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login