Құттықтау Бейсембаев Елубек

Анамызға асыл жар, балаларына ардақты әке, 6 немеренің сүйікті атасы Бейсембаев Елубек Сихымбайұлын бүгінгі 55 жасқа келген мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұл-қызының сезінумен арманын,
Ойлайтұғын әке асқар тау жан-жағын.
Қуанышпен құттықтаймыз біз бүгін,
Әкеміздің 55-ке толғанын!

Өмір – өзен, жақсылығын жалғасын,
Тіршілікте сәттіліктер қолдасын.
Жанұямен мақтанамыз қашанда,
Арамызда сізде әке болғасын!

Қыран құстай қырағы әкем,
Бәйтерегім, шынарым, әкем!
55 жаста еңселі кеуде,
Мақтаныш етер ұраным, әкем!

Тұлпардай болшы, қартайма, әке,
Сұңқардай болшы, шалқайма әке.
Шаңырақ шаттық кереге болып,
Көңілің түсіп, ортайма, әке!

Тілекпенен шығып сөздер ойдағы,
Анамыз да болып жүр ғой жайдары.
Атасының қуанышын сезініп,
Немеренің көзінде от жайнады!

Тілек білдірушілер: жары – Мейіркүл
балалары: Еркебұлан – Алия
Жасұлан – Венера
Рүстем – Балнұр
Анель
немерелері

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture