Биыл қазақстандықтар жаңа көлік алу үшін 273 миллион доллар жұмсаған. Бұл сомаға 11 мың темір тұлпар сатылып алынған. Мұндай мәліметті Қазақстанның автокөлік саласы кәсіпорындар одағы жариялады. 4 айдың қорытындысына сәйкес, су жаңа автомобильдердің 8 мыңға жуығы шетелден әкелінген. Ал, 3 мыңнан астамы отандық өнім. Статистика көрсеткендей, қазақстандықтар көбінесе Toyota көлігіне қызығады екен. 4 айда 2 290 адам осы марканы таңдаған. Екінші орында Lada автомобилі. Қаңтар мен сәуір аралығында бұл көліктің 1 912 данасы сатылған. Үздік үштікті 856 данамен Renault қорытындылайды. Ал, Балқашта осы жылы жаңадан 11 көлік әкелінген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login