Балқашта субұрқақ іске қосылды

Балқашта  субұрқақ  өз қызметін бастады. Бірақта, тәуелсіздік алаңындағы үлкені ғана іске қосылды. Өйткені, субұрқаққа жауапты мамандарды анықтайтын байқау әлі аяқталмады. Сондықтан, оны күтпей тұрғын үй шаруашылық бөлімінің мамандары өз күштерімен фонтанды жөндеді. Орталықтағы үлкен субұрқақтың 12 шүмегін, 12 метр электр сымын ауыстырды. Және алдағы күні сынып қалған сырлы кірпіштерінде жаңалайды. Сонымен қатар, бірінші маусымға дейін Қараменде би , Жидебай батыр , Қазбекова көшелеріндегі 4 субұрқақ іске қосылады. Мұның барлығын жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 7 млн теңге қаржы бөлінді. Ал фонтандар таңғы сағат 9-дан бастап кешкі 10-ға дейін, қыркүйек айының ортасына балқаштықтар үшін жұмыс істейтін болады. Осы сәтте айта кетейік, биыл мәдениет сарайының артында тағы екі субұрқақ жаңадан салынады деп күтілуде.

 Әнуар Сәмиев- ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Биыл субұрқақтар кеш қосылды. Өйткені, оларға жауапты тиісті мекемені анықтайтын байқаудың қорытындысы шықпады. Бірақ маусым айына дейін олар анықталып, қыркүйек айының ортасына дейін қызмет көрсететін болады.Жөндеу, қалыпқа келтіру жұмыстарын өздері іске асырады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture