Балқаштықтар күн жылысымен суға түсуді бастап кетті. Алайда, мамандар көлге шомылуға әлі ерте деп отыр. Себебі күн ысығанымен, судың температурасы әлі көтерілмеген.
Көлге ерте түсуді бастағандардың бірі Сергей Литвинов. 68 жастағы зейнеткер шомылуды 11 мамырдан бастаған. Айтуынша, су айтарлықтай суық емес. Сондықтанда, мұнда күнде келіп уақытының 3-4 сағатын жағалауда өткізеді екен.
Сергей Литвинов-зейнеткер
«Су мен үшін суық емес. Мүмкін басқалар үшін әлі салқын шығар. Мұнда келушілер көп, көбісі су қалай деп сұрап жатады. Мен былтыр 29 қыркүйекке дейін шомылғанмын.»
Құтқарушылар болса, көлге түсуге әлі ерте деп отыр. Себебі судың температурасы қазір 19 градус. Ал, шомылуға қауіпсіз болу үшін 20-22 градусты көрсету керек екен. Сондықтанда, жүзу маусымы басталғаннан кейін, яғни 1 маусымнан бастап қана көлге түсуге кеңес береді.
Дархан Қуанбаев-судан құтқару бөлімінің басшысы
«Күн ысығанымен әлі судың асты әлі суық. Аяқ тартылуы мүмкін. Суға түскен кезде. Суға түсуге әлі болмайды. Қауіпсіздік жағынан. Судың асты тексерілмеген жерге суға түсуге болмайды. Себебі астында шынылар болуы мүмін Және арматуралар».
Судағы қауіпсіздікті де ұмытпаған жөн. Жақында Техснаб кентінде ішімдік ішіп, суға түскен 39 жастағы ер адам көлге батып көз жұмды. Оның денесін туыстары жағалаудан тапқан. Ал, Қазақстан бойынша осы көктем айларында 17 адам суда ажал құшқан.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login