Балқаштық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

Балқаштық оқушылар халықаралық олимпиадада химия пәні бойынша жүлдеге ие болды. Алматыда өткен жарысқа қаламыздан №8 мектептің екі оқушысы қатысып келді. «Біліміңді шыңдай түс» деп аталатын олимпиадада 9 сынып оқушысы Аяулым Мұханова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Бақытжан Сатибекова ІІІ орынды жеңіп алды. Онда 100-ге тарта оқушы бақтарын сынаған болатын. Оқушыларының нәтижелі жұмысы үшін №8 мектептің химия пәнінің мұғалімі Айгерім Жасымбекова да марапатталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture