Сәтбаев мөлтек ауданында бір пәтер өртеніп кетті

Сәтбаев мөлтек ауданында 5 қабаттағы бір пәтер өртеніп кетті.Таңертеңгі 10 шамасында басталған тілсіз жауды алдымен көршілер көріп, өрт сөндірушілерге хабар берген. Үй иесі бұл уақытта жұмыста болып шықты. Құтқарушылар бір подъездің адамдарын эвакуациялап, өрт болған пәтердің есігін бұзып кірді. Қызыл жалынға кіре берістегі розеткадан шыққан қысқа тоқтың тұйықталуы. Одан шарпыған от зат қоятын бөлмедегі киімдерге тиеді. Құтқарушылардың жартысы пәтердегі отты ауыздықтап жатса, енді бір адамдарды сыртқа шығарумен айналысты. Бесінші қабаттағы балалы келіншекті автобаспалдақ арқылы түсірді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture