Қорытынды жаңалықтар 12 мамыр 2017

Бауыры үшін 25 жастағы жігітті өлтірген қылмыскер 9 жылға сотталды. Және айыпталушы қара жамылған отбасы мүшелеріне 1 млн. теңге моральдік өтемақы төледі.

Өрттен 32 жастағы мүгедек келіншек құтқарылды.Тілсіз жау оның өз пәтерінде, Сәбитова мөлтек ауданында орын алды.Ал қызыл жалын кешкі сағат 6-да тіркелді. Ол кезде төртінші қабаттан шыққан көк түтінді көршілер байқап, өрт сөндірушілер хабарласқан.

Бүгін қараусыз қалған ғимараттың маңынан снярад табылды. 2 мөлтек ауданындағы құрылыстың қасында жатқан зеңбіректің оғы бірден қоршауға алынды. Ол үшін барлық арнайы бөлімшелер жұмылдырылды.

Қадыржанов көшесін кеше су басып қалды. Жер астынан атқылаған тіршілік көзі жақында ғана жаңадан салынған жолға жайылды.

Балқаштықтар, мердігер компаниялардың жұмысына шағым айта алады. Егер, асфальт салу және брюсшатка төсеу жұмыстары кезінде олқылықтарды көрсеңіз, құрылыстың сапасына көңіліңіз толмаса онда әкімдікке хабарлай аласыздар.

Қаладағы мемлекеттік қызметтің сапасы қандай, мемлекеттік билік институты қалай жұмыс істеп жатыр.Оны пысықтап, бақылау үшін бүгін облыстан мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Бақтияр Әйешов келді. Соған байланысты әкімшілік ғимаратында үлкен жиын өтті.

Балқаштықтардың көбісі тыныс алу ағзағалары ауруларына шалдыққаны белгілі болды. Осындай санақты облыстық денсаулық сақтау басқармасы жариялап отыр.

Су тасқынының салдарынан Қарағанды облысына қанша шығын келгені анықталды. Қарқаралы ауданы бәрінен көп зардап шеккен.

Тіркелмеген қару-жарақты сатып алу акциясы аяқталды. Балқаштықтар ішкі істер бөліміне заңсыз сақталған 7 қаруды өткізді. Енді ол үшін барлығы 250 мың теңге алатын болады.

Бүгін күндіз-түні кірпік қақпай, тәулік бойы қызмет ететін өрт сөндіруші қызметкерлер арасында сайыс ұйымдастырылды.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture