Қадыржанов көшесінің жолын су шайып кетті

Қадыржанов көшесінде су құбыры жарылды. Атқылаған судың биіктігі бір жарым метрге дейін жетіп, жаңадан салынған жолға жайылып та үлгерген. Мұны көрген тұрғындар бірден коммуналшыларға қоңырау шалады. Оқиға орнына келген мамандар жасыл-жекеті суаруға арналған құбырдан ақау шыққанын анықтады. Айтуларынша, темірдің  жартысын ұрлап кеткен. Енді, оны қайтадан қалпына келтірмегенше, бұл аймақ суару жүйесінен ажыратылады.

Серікбол Рахымжанов –«Балхаш Су» КМК инженері
«Суару жүйесіне арналған құбырды ұрлап кеткен. Мұндай, жағдайлар бізде көп кездеседі. Ал, оны қайта қалпына келтіруге көптеген шығын мен күш жұмсалады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture