Қазақстанда биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі. Өскемен қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа Мәжілісінде биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Төралқа мүшелері әр облыстағы бидайдың бағасы ескере отыр, осындай ортақ шешімге келген.
Айта кетейік, пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның, бидайдың құнымен де беруге болады.
Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.
Еске сала кетейік, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login