Балқашта қараусыз қалған ғимараттың маңынан снаряд табылды

Балқашта қараусыз қалған ғимараттың маңынан снаряд табылды. 2 мөлтек ауданындағы құрылыстың қасында жатқан зеңбіректің оғы бірден қоршауға алынды. Ол үшін барлық арнайы бөлімшелер жұмылдырылды. Тексеріс барысында жарылғыш зат әскери 122 мл артиллериялық екендігі анықталды. Бірақ, снарядттың іші бос болып шықты. Яғни,ол зеңбірек оғының тек сырты.Сондықтан адам өміріне еш қауіп төндірмейді. Ал снарядтты қараусыз қалған аймақта ойнап жүрген балалар байқап, ішкі істер бөліміне барып хабарлаған екен.

Данияр Әміржанов-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері
«Сол мезетте мамандар орнынан табылды. Соперлер келді.Ешқандай қауіп-қатер жоқ.Жас балалар өтіп бара жатып, көріп қалып ішкі істер бөліміне тез арада хабарлады.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture