Өнер мектебінің тәлімгерлері халықаралық байқаудан жеңіспен оралды

Өнер мектебінің тәлімгерлері халықаралық байқаудан жеңіспен оралды. Алматыда өткен сайыста өнер көрсеткен балқаштықтар барлық медаль түрлерін  жеңіп алған.

Бұл жарыстан Дана Ислямғалиева гран-при иегері атанып қайтты. Оның флейтада ойнау өнеріне тәнті болған әділ қазылар алқасы, Дананы бас жүлдеге лайық деп таныған. Тағы бір балқаштық флейташы Юлия Сазонова бірінші орынды жеңіп алды. 12 жастағы жерлесіміз үлкен топта өнер көрсеткен. Ал, бірінші рет байқауға барып бағын сынаған Амина Әділғожина алтын медальға қол жеткізді.

Олжас Мырзахметов –өнер мектебінің музыкалық бөлім меңгерушісі
«Біздің балаларды көбісі музыкалық колледжге түсуге шақырды. Бәрі олардың өнеріне тәнті болды. Әрине мұндай жетістік біз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш».

Аламаты сахнасында күйсандықта және домбырада ойнайтын балқаштықтар алғаш рет өнер көрсетті. Нәтижесінде Алиса Иванчина мен Әбдіғали Қалымбетов қола жүлдемен марапатталған. Ал, Айша Нәдірбекова болса, музыкалық олимпиадада бағын сынап, екінші жүлделі орыннан көрінді.

Әбдіғали Қалымбетов –«Жас талант» халықаралық байқауының қола жүлдегері

«Мен 2 күй орындадым. Домбырашылар өте көп болды. Әділ қазылар алқасы менің өнерімді бағалап, осындай үшінші орынға ие болдым».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture