7 мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында қаланың бір топ әскери қызметкерлері мен құқық қорғау саласының мықтылары марапатталды. Мәдениет сарайында өткен дәстүрлі шарада алғаш болып қала әкімі Александр Аглиулин сөз сөйлеп, құттықтау лебізін білдірді.
7 мамыр Отан қорғаушылар күнінде балқаштық жастар ел тұрғындарын ерекше құттықтады. Қазақстанның Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай 175 студент Астана саябағында патриоттық әнге бірдей би биледі.
Ал патриоттық биден кейін алаңға жиналған тұрғындардың назары лед экранға ауды. Балқаштықтар елордасы Астанада өтіп жатқан Республикалық қарулы күштердің әскери шеруін тікелей байланыста тамашалады.
Күткен күн! Балқашта жылдағы дәстүр бойынша Жеңіс күні кең ауқымда аталып өтті. Тұрғындар соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, театрландырылған көріністі тамашалады. «Мәңгілік алау» мемориалына гүл қойып, отан үшін жанын берген жауынгерлерге тағзым етті.
Ал, Жеңіс күнін денсаулығына байланысты көпшілікпен бірге тойлай алмаған ҰОС ардагерлерін қала әкімі үйіне барып құттықтады. Ізгі тілегін жеткізіп, сый-сияпатын табыстап қайтты.
Жеңіс күніне арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті. Биыл 60-шы рет ұйымдастырылған шараға бір мыңнан аса оқушылар мен студенттер, еңбек ұжымдары қатысты.
Іріктеу сайысы! Мереке күндері Балқашта номад ММА спорт түрінен республикалық чемпионат ұйымдастырылды.Онда еліміздің түрлі қалаларынан келген 10 команда әлем чемпионатының жолдамасына таласты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login